Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Хикмет» телерадиостудиясының директоры тағайындалды

12.12.2013 4617 0 пікір

Бүгінгі қоғамда пәрменді дін насихатын жүргізудің ұтымды жолдарының бірі аудио және видео материалдар екендігі мәлім. Осы ретте ғаламтор беттері мен мемлекеттік телеарналарда жарық көретін діни-ағартушылық бағыттағы аудио және бағдарламалардың орны ерекше. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен филология ғылымдарының кандидаты Асылбек Әуезханұлы Ноғаев «Әзірет Сұлтан» мешітінен ашылған Діни басқармаға қарасты «Хикмет» телерадиостудиясының директоры болып тағайындалды-деп хабарлайды muslim.kz сайты.

Асылбек Әуезханұлы бұған дейін еліміздегі жоғарғы оқу орындарында оқытушы, ҚМДБ-ның уағыз және насихат бөлімінде жетекші маман, сондай-ақ «Әзірет Сұлтан» мешітінің найб имамы қызметтерін жоғары деңгейде абыроймен атқарып, асыл дініміз бен еліміздің ертеңі үшін қалтқысыз қызмет атқарып келді. Сонымен қатар Республикалық Қазақ радиосында «Ислам құндылықтары», «Ізгілік иірімі», «Бала болашағымыз», «Отбасы шаттығы»  «Жұма уағызы» сынды сүбелі бағдарламаларды жүргізіп, халықтың ықыласына бөленіп келеді. Қазақ данышпандарының ой-толғамдарын Ислам діні мен бүгінгі қоғам тұрғысынан талдауға бағытталған «Даналық ойдан дән ізде» атты танымдық кітаптың авторы.  Алдағы уақытта асыл дініміз үшін аянбай еңбек етіп, халықты бұдан әрі қарай да рухани құндылықтармен сусындатады деген үміттеміз.

Ендеше, Асылбек Әуезханұлына сәттілік тілей отырып, істеріне береке тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру