Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкілі Талғат Омаровтың ұйымдастыруымен білікті 13 имамнан құралған 3-ші топтың алғашқы жиналысы өтті. Жиналыс барысында бірқатар мәселелер қозғалып, алдағы уақытқа жоспарлар дайындалды. Топ мүшелерінің мақсаты жамағаттың ынтымағымен еліміздің ауызбіршілігінің мықтылығы және қаны бір, діні бір бауырларымыздың өзге ағым шырмауына шырмалмауы үшін аянбай жұмыс жасау.
Бұған дейін топ өкілдері Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қолдауымен Алматы шахарында орналасқан жоғары білімді имамдар, исламтанушылар дайындайтын бірегей оқу орны «Нұр» Қазақ Египет ислам университетінде 1 апталық білім жетілдіру семинарына барып дәріс алды.
Дана халқымыз: «Білім таусылмайтын кен» деп жақсы айтқан. Білім әрдайым ізденуді һәм жетілдіруді талап ететіні хақ. Жиналыстан соң топ мүшелері және қала имамдары Мысыр еліндегі «Әл-Әзһар» Ислам Университетінің түлегі, дінтанушы – ғалым Төлебай Мәлік Жалғасұлымен «Skype» арқылы тілдесті. Жүсіп Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” демекші Мәлік ұстаз мейірімділік тақырыбында дәріс оқыды.
Осылайша имамдар әр аптада 1 мәрте «Skype» арқылы Мәлік Төлебайдан сабақ алатын болады.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшысы
Ескендір Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.12.2013
4137
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру