ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігі ақпараттық-ағартушылық жұмысты ІТ-технологияларының жаңа түрлерін пайдалану арқылы ұйымдастыруды қолға алуда. Өкіл имам Нариман Ермекұлының ұйымдастыруымен осы дүйсенбі күні С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекетік Университетінде интернет-онлайн конференция жүрілді.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп 09 желтоқсанда сағат 17.00-ден 19.00- аралығында ұйымдастырылған бұл конференция университеттің «rukhanialem.psu.kz» сайтында «Дін және дәстүр» тақырыбында интернет кеңістігінің пайдаланушыларымен өткізілді.
Интернет кеңістігінің пайдаланушыларымен болған бұл тікелей диалог конференцияға өкіл имам Нариман Ермекұлы, облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамдары, мешіт ұстаздарымен қатар аталмыш университеттің этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми – практикалық орталығының директоры Нұржамал Сағадатқызы Тышқанова және философия және мәдениеттану кафедрасының доценті Майра Жанайдарқызы Қожақметова қатысты.
Алдын – ала жарияланған хабарлама бойынша онлайн-конференцияның «Дін және дәстүр» тақырыбы бойынша Электрондық адреске келген: «Қазіргі уақытта ақпараттық технология дамыған заманда әр адамда ұялы телефон бар.Сол ұялы телефонда Құран аяттарын жазып тындап жүретін көбінесе жастарды көреміз сол дұрыс па?», «Діл мен мәдениеттің айырмашылығы неде?», «Дін мен дәстүр арасында тікелей байланыс бар ма?», «Дәстүрлі емес діни ағым салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа әсер ете ала ма?», «Туған тілін не салт-дәстүрін білмеу күнә болып санала ма?», « Қазіргі жастар қазаққа тән имандылықты ұмытып, Еуропаның мәдениетіне еліктейді. Бұның себебі неде және осы проблемамен қалай күресуге болады?», «Қазақ халқына тән амандасудың қай түрі дұрыс болып саналады: Ассалаумағалейкүм немесе Ассаляумуалейкум?», «Қазақтың салт-дәстүрін сақтау мақсатымен, ҚР-ның Ата заңына өзгертулер енгізсек, біз адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектейміз бе?».- қатарлы 30-ға жуық сұрақтарға ақылдаса отырып жауап берді.
Сонымен қатар интернет кеңістігін пайдаланушылар телефон арқылы тікелей байланысқа да шығып, сауалдар тастады. Көрсетілген телефон бойынша қойылған сұрақтарға жауап «Rukhani alem» (rukhanialem.psu.kz) сайтында орналастырылады. Онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша мәліметтер «rukhanialem.psu.kz» сайтында «Онлайн-конференция» модулінде, университеттің «Білік» газетіндегі «Сырсандық» айдарларында жарық көреді. Сондай-ақ алдағы уақыттарда бұл мәліметтер «pvlmtshit.kz» сайтына да орналастырылатын болады.
«Мешітіміздің имамдары мен ұстаздарын бүгінгі заман талабына сай ағартушылқ-насихат жұмысытарын жандандыру мақсатында ІТ-технологияларының жаңа түрлерін пайдаланып мұндай шараларды алдағы 2014 жыл бойы Павлодар Мемлекеттік Университетімен бірлесіп тұрақты ұйымдастырып тұратын боламыз»,-дейді өкіл имам Нариман Исенов.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.12.2013
3632
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру