Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имандылық-ізгілікке бастар жол

09.12.2013 5705 0 пікір

Талдықорған қаласы  №14 орта мектепте «Имандылық ізгілікке бастар жол» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен кең көлемде кездесу болып өтті. Осы игі шараға қалалық ішкі саясат бөлімінен, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, білім басқармасының мамандары, сонымен қатар бұл шараның болуына мұрындық болған, Талдықорған өңірі жастар ісі бойынша өкілі Ардақ Нүсіпханұлы болды.

Сөз кезегінде жас маман, оқушыларға қазіргі жастардың дінге деген жағымсыз көзқарастарын өзгертіп, діннің, ұлттың, мемлекеттің тірегі, тізгіні болашақ жастардың қолында сондықтан жастарды ислам дінімен, ұлттық тәрбиеде тәрбиелуіміз керектігін айтып, оқушыларға Ислам құндылықтарын өмірмен салыстыра отырып кеңінен түсіндірдіре келе, маңызды үш нүктеге тоқталды: Жауапкершілік, білім, әдеп. Бұл шараға оқушыларда жан бере атсалысты.

Ал жастар тарапынан бүгінгі тақырыптарда айтылған уағыз-насихаттан мол мағлұматтар алғандарына өз ризашылықтарын білдіріп, келешекте осындай кездесулер жиі болса деген тілектерін білдірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру