ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өклдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарының басқосу өтті. Жиналысты облыстық орталық мешіттің бас имамы Талғат Омаров Сейіткәрімұлы ашып, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.
Атап айтқанда, қала мешіттерінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, мешіттерде уағыз насихаттар жүргізу, жұмыс тәртібін қадағалау мәселелері, қозғалып жақын арада облыс имамдардың есеп беру жиналысы өтетіндігін тілге тиек етіп жақсы дайындықпен келулерін жіті тапсырды.
Сонымен қатар 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын дайындап көрсетуін және халықтың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Ислам және өркениет» газеті мен «Иман» журналына жазылуды насихаттауды имамдарға тапсырды. Жиналыс соңында имамдарға ҚМДБ тарапынан келетін тапсырмаларды уақытылы жүзеге асыру жүктелді.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшысы:
Әсел Скендирова
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2013
3716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру