Ержан қажы Малғажыұлы хазрет Бас мүфти болып сайлануымен республика бойынша діни мамандардың білім деңгейін көтеру мәселесін басты назарда ұстауда. Осы мақсатта ҚМДБ-ға қарасты имам-молдаларды аттестациядан өткізуде. Бұған дейін ОҚО имам-молдалары атестациядан өткен болса. 2 желтоқсаннан бастап еліміздің батыс облыстарына қарасты діни мамандар сараптамадан өткізілуде.
6 желтоқсан күні Ақтөбе облысының имамдары мен молдалары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен дін қызметкерлерінің сараптамасы болып өтті.
Сараптаманың беташар сөзін ҚМДБ-ның дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы:
«ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша қолында ҚМДБ-ның бұйрығы бар имам-молдаларды атестациядан өткізу көктем айында Оңтүстік Қазақстан облысынан басталды. Оған бірінші топта ОҚО-на қарасты қала имамдары, екінші топта аудан, кент имамдары, үшінші топта ауыл имам-молдалары қатысты. Сараптаманы ОҚО-нан бастау себебіміз, бұл облысы мешіттердің көптігі жағынан бірінші орында. 1000-ға жуық мешіті, 3000-ға жуық діни қызметкерлері бар. Мақсаты – жергілікті жерлердегі имам-молдалардың білім дәрежесін тексеру. Діни білімі төмен имамдарды біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстар мен семинарларға жіберу. Жалпы имамдарды сараптамадан өткізу барысында ел арасындағы имамдарымызға байланысты «білімі жоқ, сауатсыз» деген сияқты алыпқашпа сөздердің негізі жоқ екендігіне көзімізді жеткіздік. Тіптен білім деігейі жоғары дара имамдарды да кездестірудеміз. Сондықтан сіздерге сәттілік тілеймін» деді.
Сынақ әр имамнан жеке-жеке қабылданды. Сараптамаға облыс бойынша жалпы саны – 54 имам-молда қатысады деп жоспарланды. Алайда белгілі себептермен бірнеше имам сараптамаға қатыса алмады. Жалпы сараптаманың қортындысы бойынша сараптамаға қатасқан имамдарға «жақсы» деген баға берілді.
Атестациялау жұмысы бұдан әрі басқа облыстарда жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық «Нұр-ғасыр»
мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.12.2013
4173
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру