Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО имам- молдалары сынақтан өтті

06.12.2013 4685 0 пікір

Кеше Батыс Қазақстан облысының имамдары мен молдалары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасымен, облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Султановтың бастамасымен алғашқы рет дін қызметкерлерінің аттестациясы болып өтті.

Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының өкілдерінен құралған комиссия Батыс Қазақстан облысының қала, аудан және ауыл имам-молдаларының білімдерін тексеріп, біліктіліктерін сараптамадан өткізді.

Сынақ алдында сөз алған ҚМДБ-ның дін істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы:

Келген комиссия төрағасы ҚМДБ-ның шариғат фатуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы, діни басқарманың іс басқарушысы  Ербосын Бектұрсынұлы мен психолог маманы Светлана Мәжитқызымен арнайы таныстырды. Барша жиналған имамдар мен молдаларға сынақтан сәтіі өтуіне жүрек-жарды тілегін жеткізді.

ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша ұйымдастырылып отырған шара Оңтүстік Қазақстан облысынан соң Батыс Қазақстан облысында өткізіліп отыр. Мақсаты – жергілікті жерлердегі имам-молдалардың ой-өрісін дамытып, білім дәрежесін тексеру. Кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында имам мен молдаларды арнайы курстар мен семинарларға жіберу. Сынаққа үш адамнан кіріп екі жарым сағатқа созылды. БҚО бойынша имам-молдаларының жалпы деңгейі жақсы екеніне көз жеткізіп отырмыз. Бүгінгі сараптама қорытындысы соны көрсетті,- дейді ҚМДБ-ның шариғат фатуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, комиссия төрағасы Сансызбай қажы Құрбанұлы.

БҚО бойынша діни басқармаға қарасты 43 мешіт, 4 намазхан болса, оларда алпыстан астам имам және наиб имамдар қызмет етеді. Сараптамадан  олардың  барлығы да өз білімдерін дәлелдеп,  сүрінбей өтті. Төрт жоғары білімді имам «Нұр мүбарак», Шымкент қаласындағы «Қазақ-Араб» университетінің түлектері болса, қалғандары Орал, Астана медресесін бітірген шәкірттер.

- БҚО бойынша   60 астам  имамның барлығы да сынақтан сүрінбей өтті. 5 имам ғана аттестацияға қатыса алмады, ол қазір Түркияда курста оқып жатыр, үшеуі ҚМДБ-ның жайындағы 4 айлық оқуда. Казталов ауданы имамы емханада жатуы байланысты. Барлығы да кәсіби жоғары білімін көрсетіп, сынақ сұрақтарына жауап бере алды.  Заман талабына сай барлық имамдар мен молдалар біліктілікті арттыра беру керек. Сондықтан да комиссия шешімімен бірқатар дін қызметкерлерін білім жетілдіру оқуларына жіберетін боламыз,-дейді ҚМДБ-ның БҚО бойынша  бас имамы Руслан Тыныштықұлы.

- Алғашқы рет аттестация тапсыруымыз сынақ түрінде. Билетте алты сұрақ. Сұрақтар күрделі емес, бізге таныс.  Аса қиындық  туғызған жоқ іздеген имамға,-деп ойлаймын. Бүгінде ҚМДБ-нан арнайы келген комиссия мүшелері біздерге ат басын бұрғанына ризашылығымызды білдіреміз. Барлық имамдар мен молдаларға әрі сынақ, әрі білімдерімен бөлісулері құптарлық, -дейді БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген Нұрәлиев.

Сынақ барысында мешіт қызметкерлеріне  құран, ақида, тәжуид, фикх, ислам тарихы және әкімшілік жүйе бағытында сұрақтар қойылды. Сонымен қатар  имамдармен психолог маман жұмыс істеп, олар  жат ағымдарға еріп, адасып жүрген жандардың көкірек көзін ашуға қатысты сауалдарға да жауап берді.

Нұрлан Саматұлы,

ҚМДБ-ның БҚО бойынща баспасөз хатшысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру