1 желтоқсан күні Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің бастамасымен мешіт қызметкерлері «Перзент» балалар үйінің бүлдіршіндерімен Медеу мұз айдынына барып, коньки теуіп, демалып қайтты. Бұл шараны орталық мешіт Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырған болатын.
Балалардың басым көбі Медеу мұз айдынына алғаш рет болыпты. Барлығы қуана әдемі көріністердің тұсында суретке түсті. Мұз айдынның үстінде әбден ойнап алғаннан кейін балалар Мекке мешітінде намаз оқып, сол маңға жақын «Сәлем» кафесінде түскі асқа шақырылды. Балаларға арналған десерттерден және басқа да тағамдар мен сусындардан тұратын түрлі – түрлі түскі ас балалардың көңілінен шықты. Іс-шараның соңына қарай балаларға тәтті силықтар таратылды.
Айта кетсек, Алматы қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Хайдаров Хайырболат Саламатұлы медеуге тегін кіруге көмек көрсетті.
Алматы орталық мешітінің баспасөз хатшысы
Әсет БЕКТҰР
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.12.2013
4101
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру