Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда ғылыми- әдістемелік семинары өтті

05.12.2013 3922 0 пікір

Қазіргі Қазақстандық қоғамдағы діни құндылықтар, қазақ салт- дәстүрінің күнделікті өміріміздегі орны, және конфессияаралық әр түрлілік жағдайдағы олардың даму тенденцияларын талдау мақсатында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исеновтың ұйымдастыруымен С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университетінде «Ислам дініндегі салт-дәстүрдің орны» тақырыбында ғылыми –әдістемелік семинар жүрілді.

Семинарға аталмыш оқу орнының оқытушы профессорлары, магистранттар, студенттер және облыстағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің шәкірттері қатысты.

Семинарда өкіл имам Нариман Ермекұлы «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Н.Манапбаев «Дәстүрлер мен әдет ғұрыптарға Исламның көзқарасы», Павлодар мемлекеттік Университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Айман Файзуллақызы Зейнулина «Халыққа салт-дәстүрдің дұрыс насихатталуы-дін негізі», аталмыш университеттің  этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Нұржамал Сағадатқызы Тышқанова «Қазіргі кезеңдегі діни құндылықтардың және халық дәстүрінің рөлі туралы мемлекеттік саясат», агротехнологиялық факультетінің 3-курс студенті Ғабит Хафиз «ХХІ ғасыр жастарының рухани құндылықтары мен идеалдары» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Баяндамаларға қатысты суденттер, медресе шәкірттері жарыссөздерге шығып, әртүрлі сұрақтар қойып, жауап алды.

«Бүгінгі әдістемелік-семинар арқылы біз Исламдағы халық дәстүрі рөлінің түрін және насихаттау әдісін талқылау, дін мен дәстүр байланысын  түсіндіру, ұмытыла бастаған салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту жолдарына ізденістер жасау мақсатын қойдық. Семинар барысында әртүрлі құнды пікірлер мен ұсыныстар талқыланды. Осындай семинарлар Ақсу, Май аудандарында да ұйымдастырылуда. Ол семинарларға біздің білікті имамдарымыз, ұстаздар, аудан зиялылары қамтылып, семинардың табысты да нәтижелі болуына ат салысуда.  Алдағы уақыттарда семинарларда  көтеріліп жатқан құнды ұсыныс-пікірлерді жүзеге асыру мақсатында арнайы жобалар жасайтын боламыз»,-дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру