Желтоқсан айының 3-жұлдызында ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновтің қатысуымен кезекті жиналыс болып өтті. Оған қала мешіттерінің имамдары мен ұстаздары және өзге де қызметкерлері қатысты.
Бас имам Наурызбай Тағанұлының бастамасымен күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.
Ең алдымен бас имамдар тарапынан 2013 жылдың қорытынды есебі тыңдалып, атқарылған іс-шаралар барысы және жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнатудың жолдары қаралды. Сондай-ақ, «Иман» журналына жазылу жұмысының Астана қаласы бойынша межесі бітуге жақын екендігі сөз етілді.
Мұнымен қоса мешіттен көрсетілетін көмек түрін бір ізге түсіру; мешіттің ішкі және сыртқы тазалығын сақтау және жұмыс тәртібін қадағалау; ҚМДБ тарапынан келген тапсырмаларға шұғыл жауап беру; сайт жұмыстарын жандандыру жайы да жиында пысықталды.
Жиында «С.Ғылмани» мешітінің бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, «Әл-Ғани» мешітінің бас имамы Нұрлан Бақбасаров, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев және өзге де найб имамдар мен ұстаздар күн тәртібінде көтерілген мәселелерге өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Осы жиынның өзгешелігі сол орталық мешітте емес, Астана іргесінде орналасқан «Төлебай» мешітінде өтуінде. Жиынды қорытындылаған Астана қаласының Бас имамы Н.Өтпенов: «Жұмыстың негізгі өзегі ол жиналыс. Осы жиналысты «Төлебай» мешітінде жасаудағы мақсатымыз – бір-бірімізбен етене араласып, арадағы бауырластықты арттыру», - деді сөзін түйіндеп.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөзқызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.12.2013
3793
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру