Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қаскелеңде жаңа мешіт бой көтерді (ФОТО)

04.12.2013 4772 0 пікір

Абылайұлы Алдақуат қажы және мұсылман  дін жанашырларының демеушілігімен Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласында жаңа мешіттің құрылысы 2010 жылы басталып, 2013 жылы аяқталды.

Аталмыш мешіттің ашылу салтанаты үстіміздегі жылдың 3-желтоқсан сейсенбі күні болды. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы Қосбағар  және  Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының әкімі Біржан Арғынбекұлы Нұрлыбаев, Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша өкілі Аташов Әсет Қадірақынұлы және қала тұрғындары қатысты.

Мешіттің ашылуы Құран-Кәрім аяттарымен оқылуымен басталып, алғы сөзді Ербол Сағиұлы Қосбағар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жиналған қауымға жеткізді. Исламдағы ынтымақ пен бірлік, ата-анаға жақсылық жасау сауап екендігі жайында уағыз айтылып, жиналған мұсылман қауымын мешіттің ашылуымен құттықтады.

Сөз соңында аталмыш мешіттің бас имамдық қызметіне ҚМДБ–ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Олжабаев Оразали Сағындықұлын тағайындады. Бас мүфти атынан мешітке қасиетті Құранды сыйға тартты. Қаскелең қаласының әкімі Біржан Арғынбекұлы Нұрлыбаев сөз сөйлеп қала тұрғындарын мешіт ғимаратының ашылуымен құттықтады.

Мешіттің ашылу салтанатының соңында бесін намазы оқылып, мұсылман жамағатына ас беріліп, жиналған көпшілік қауым  риза болып тарасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру