ҚМДБ – ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің Қарағандыға келген іс-сапарында имамдардың алдында сөйлеген сөзінде келтірілген мысалдар медресені салып бітіруімізге түрткі болды. Хазірет Семей өңірінде өкіл имам болып қызмет атқарған кезінде медреседе оқимын деушілерге, діни білім алуға ниет білдірген жамағатты медресеге жатқызып, арнайы, тегін оқыту тәжірибесін қолданған. Кейін осы тәжірибе өз нәтижесін көрсеткендігін айтты.
Сол үрдіс бойынша Теміртау қаласының жанындағы Тегісжол ауылы, «Мұрат ата» мешітінде жамағатты тегін жатқызып оқыту жолға қойылды. Қазір аталған мешітте 15 шәкірт дәріс алуда. Дәл осындай әдісті қала ішінде де іске асыру мақсатында Қарағанды қалалық №1 мешіттің ауласында да екі қабатты ғимараттың құрылысы басталып кетті.
Ғимаратты салуға қол ұшын созып отырған «Облыстық құрылысшылар ассоциацисы» 2014 жылдың сәуір айына дейін білім ордасын ҚМДБ-на тапсыруды өздерінің міндетіне алып отыр.
Қарағанды облыстық орталық
мешітінің баспасөз хатшысы
Райымбекова Ақерке
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.12.2013
4241
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру