26-қараша күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан имамдарының есеп беру жиыналысы өтті.
ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Нариман Исенов қала, аудан имамдарының әрқайсысының 2013 жыл бойғы мешіт тарапынан «ҚМДБ-ның ұйымдастырушылық-кадрлық әлеуетін нығайту», «Шаруашылық-экономикалық қызметінің тиімділігін көтеру», «Діни оқу орындарының білім беру сапасын көтеру», «Ақпараттық-идеологиялық және рухани ағартушылық жұмыстарын жетілдіру», «Мемлекеттік органдармен ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру» талаптары бойынша атқарған әрбір іс-қызметтерін тыңдап, тиісті талдаулар мен ескертулер жасап, қорытынды бағасын берді.
Биылғы 2013 жылы аймағымыздың діни-рухани өміріне біршама жаңа серпін берді. Мәселен, облысымыздағы қала, аудан, ауыл мешіттері имамдарының біразы Түркия және еліміздегі діни оқу орындарында, сонымен қатар облысымыздағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінде өздерінің кәсіптік діни-рухани білімдерін жетілдіру арқылы халыққа бұрыңғыдан сапалы қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар облыс әкімі Ерлан Мұхтарұлының тікелей қолдауымен облыс көлеміндегі барлық имамдардың 90-ға жуық пайызы облысымыздағы инновациялық көппрофильді колледж арқылы 2012 жылдан бері білім алып жатыр. Олар осы 2013-2014 оқу жылдарында қосымша «заңгер-құқықтанушы» мамандығын алып шығатын болады. Бұл білім имамдарымыздың мешіттер арқылы қоғам өміріне ықпал ету тетіктерін меңгеруіне көп пайдасын берері сөзсіз.
Ал ауыл, аудан, қала мешіттері заман талабына сай жыл өткен сайын білімді имам-молдалармен толығумен қатар шаруашылық-экономикалық тұрғыдан да жақсарып келеді. Еліміздегі ең жоғары діни оқу орны болушы «Нұр Мүбарак» қазақ-египет ислам университетінен алдағы 3 жылда 15 шәкірт, Астана медресесі, Оңтүстік Қазақстан облысындағы « Әбу Ханифа», және облысымыздағы «Әбу Бәкір Сыддық» медреселерінде облысымыздан 20-дан астам шәкірттер дайындалуда.
Сондай-ақ имамдарымыз заманға сай кеңсе қызметінің талаптарын да яғни, іс-қағаз жүргізу, көркем уағыз-насихат айта білу ісін меңгеріп, ұйымдастырушылық (менежменттік) қабілеттері де ашыла бастағандай.
Ал ең бастысы мың жылдан бері ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі дінімздің қаймағын бұзбай, дін-ұлт-тіл-дәстүр-тарих сабақтастығын үзбей, жастарымызды әртүрлі жат пиғылды ағымдардың жетегінде кетудің алдын алу болмақ. Бұл ас жауапты міндеттің жүгін арқалау үшін қазіргі қызмет жасап жүрген имам-молдаларымыз жауапкершілікті шынайы сезініп, өздері үлгі-өнеге бола білуі қажет. Бұл қасиет біздің өңір имамдарында молынан табылып жатыр.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2013
4048
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру