ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасы бойынша Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде Павлодар өңіріне қарасты ауыл имам-молдаларын бұйрықтандыру және діни білімі мен біліктілігін анықтау мақсатында ҚМДБ-дан келген Дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы мен мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы облысымыздағы білімді имамдарды қатыстыра отырып ауыл имам-молдаларын арнайы сынақтан өткізді. Сынаққа барлығы 20 имам қатысты.
Сынақтан соң ҚМДБ-нан келген өкілдер аудан, ауыл имамдарының басын қосып еліміздегі діни ахуал, осыған орай ҚМДБ-нан ұстанып отырған бағыттар, имам-молдалардың қасиетті дінімізді жаю, уағыз-насихат айту барысында тұрақты назарда ұстайтын мәселелері жөнінде кеңестер айтып, алдағы іс-қызметтерінен табыс тіледі.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2013
3898
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру