ҚМДБ-ның төрағасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша Семей орталық мешітінде Семей аймағына қарасты ауыл имам-молдаларын бұйрықтандыру және діни білімі мен біліктілігін анықтау мақсатында ҚМДБ-дан келген Дін істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы мен мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы арнайы сынақтан өткізді. Емтиханға қатысқан 9 молда сынақтан сүрінбей өтті.
ҚМДБ-дан келген өкілдер бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «әр имамның кем дегенде бес шәкірт болу керек», - деген сөзін жеткізіп, оқу-ағарту жұмыстарын күшейтуге шақырды. Ауыл молдаларына дін жолындағы қызметтеріне табыс тілеп, діни біліктіліктері мен білімдерін жетілдіруге кеңес берді.
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.11.2013
3783
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру