Апта басында Елорда төрінде орналасқан Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ өкілдерімен және этномәдени өкілдерімен кездесіп, «Бір – отан, бір – тағдыр» деген тақырыпты ортақ талқылады.
«Бүгін біз жастарды исламның дұрыс жолына бағыттау, жастардың ислам дінінің мән-мағынасын дұрыс түсінбеген дағдарыстық жағдайларға жол бермеу үшін жиналдық. Бұл үшін исламның негізгі мақсаты мен мазмұнын нақты әрі айқын түсіндіруіміз керек. Бәріміз халық болып, мемлекет болып теріс бағыттармен күресуіміз керек, бір халық ретінде аталған мәселелерді бірлесіп шешуге тиіспіз», - деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бас қосқан шараның мақсатына тоқталып.
Айта кетейік, шара барысында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы, «Хазар» әзербайжандық ҚБ, «Қырғызстан-Астана» ҚБ, «Астана қаласының Өзбек ЭМО» және «Тан» татар-башқұрт мәдени орталығы өкілдері де қатысып, өз ой пікірлерін білдірісті.
Сондай-ақ, кездесу барысында жастар арасында ислам дінін дұрыс түсіндіріп, дәстүрлі емес діни бағыттарды жоюдың негізгі мәселелері де қаралды.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2013
3586
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру