Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамандыққа бұрмайық, иманды қоғам құрайық

27.11.2013 3692 0 пікір

25-қараша. Астана қаласындағы «Шабыт» сарайында колледж бен университет студенттерінің қатысуымен «Отан. Руханият. Жастар» ғылыми-танымдық конференция болып өтті. Айтулы шараны «Нұр Астана» орталық мешіті Астана қаласы әкімдігімен бірлесе жасады.

Конференцияға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлов, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев және қоғам қайраткерлері, депутаттар, діни қызметкерлер қатысты.

Алғаш болып баяндама жасаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Жастар біздің қоғамымыздың белсенді бөлігі, мемлекеттің қозғаушы күші болып табылады. Қазіргі уақытта әлемде жат ағымдар мен жалған діни ілімдердің саны күн сайын артып келеді.

Сондықтан жастар исламның шынайы мақсатын дұрыс түсіне білуі тиіс. Біз жастарды исламның дәстүрлі қағидаларын сақтап, мәдени және рухани құндылықтарымызды одан әрі дамытуға шақырамыз», - деді. Өзге де баяндамашы Бақытбек Смағұлов, Дихан Қамзабекұлы, Бақтияр Артаев жастарды діни сауатты болуға, жат діни ағымдарға ермеуге салты мен дәстүрін құрмет тұтуға шақырды.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Астана жастары атынан үндеуін оқып берді.

Шараның мақсаты да діннің негізгі құндылықтарын дәріптеу, жастардың діни сауатын арттыру, ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» стратегиясы» жолдауында көтерілген негізгі мәселелерді іске асыру, ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алу, сондай-ақ, жастар арасында толеранттылық пен отансүйгіштікті насихаттау болып табылады.

Шара соңында елордалық жастар үшін танымал әнші-термешілер және есімі елге танымал МузАРТ тобының мүшесі Мейрамбек Беспаевтің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Игі шараның куәсі болған жастар және өзге де қадірлі қонақтар "Отан. Руханият. Жастар" конференциясының пайдалы болғанын айтып, өзара ризашылықпен тарқасып жатты.

«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру