Туған жер – адам өмірінде ең қымбат мекен болып саналады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Туған жерден имани нәр алған бала елінің мақтан тұтар азаматтары болары анық. Осыны ескерген Сыр елінің тумалары Қызылорда қаласындағы «Нұр» мешітінің бұрынғы бас имамы, қазіргі Алматы қаласы «Сұлтан қорған» мештінің бас имамы Даркулов Нұржан және жеке кәсіпкер Абдумалик Төлепбергенұлы адам өміріндегі ең қымбат мекен болып саналатын, туған өлкелерінде қазағы қалың Ақжар ауылына халық игілігі үшін мұнарасын көкке көтерген 150 адамға лайықталған заманауи талаптарға сай мешіт салды. Мешіт жылумен және қажетті техникалық құрылғылармен жабдықталған.
Мешіттің ашылу салтанатында ҚМДБ-ның дін істер басқармасының басшысы Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, өкіл имам Талғат Омаров Сейіткәрімұлы қатысып, ауыл халқын рухани орталық мешіттің ашылуымен құттықтап, жамағаты көп мешіт болуына дұға-тілектерін білдірді.
Аллаһ тағала иманды да салихалы жамағаты толған мешіттердің сандарын арттырып, Өзінің разылығы мен еліміздің ынтымақ-бірлігіне шақыратын берекелі жастарын көбейткей!
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі,
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшысы:
Әсел Скендирова
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.11.2013
4382
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру