ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Ержан қажы Малғажыұлы Хазіреттің бастамасымен еліміздегі белгілі дінтанушы ғалымдардан арнайы Республикалық ақпарат-насихаттау тобы құрылып, жат ағымдардың кесапатынан сақтану мақсатында әр өңірлерде уағыз насихат жұмыстарын жандандыруда. Семей өңіріне қарасты Аягөз қаласында да бұл ізгілікті шара өз жалғасын тапты. АНТ мүшелері Семей қаласының орталық қос мұнаралы мешітінің наиб имамы Байешев Бекзат қажы, Сарыағаш медресесінің директоры Сманов Абсаттар қажы Шакерұлы және де Шымкент қаласындағы «Қаттани» мешітінің бас имамы Қарақұлов Еркебұлан қажы Ибрайымұлы. Қараша айының 18-ші жұлдызы күні Аудандық орталық аурухана қызметкерелерімен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары да қатысты. Аудан имамы Маратхан қажы Мұхтарханұлы кездесуге қатысушыларға келген АНТ мүшелерін таныстырып өтті. Сөз алған Абсаттар қажы Шакерұлы дініміз Исламның құндылықтарынан бастап, қасиетті Құран кітабындағы медицина ғылымы жөнінде тоқталып, жат ағымдардан сақтанудың негізгі жолдарын баяндап өтті. Кездесуге аурухана басшысы бастаған елуден астам қызметкерлер қатысты.
Осыдан кейін қаладағы «Локоматив депосы» қызметкерлерімен кездесу болып өтті. Кездесуге екі жүзге тақау теміржол саласындағы жұмысшылар қатысты.
АНТ мүшелері орталық мешітте бесін намазын жамағатпен бірге оқығаннан кейін, мешіт жамағатымен кездесу өткізді. Кездесуге отыздан аса намазхандар қатысты. Абсаттар қажы мешіт жамағатына ата - бабаларымыздың сонау ғасырлардан бері ұстанып келе жатқан Имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабының артықшылығы жөнінде айтып, өзара бірлік пен сүйіспеншілікте болудың бірден - бір жолы осы мазһабты ұстану екендігін нақты дәлелдер арқылы түсіндірді. Бұл кездесу ақшам намазынан кейінде өз жалғасын тауып, жамағат тарапынан қойылған көкейдегі сұрақтарға қанағаттандырарлық жауаптар берілді.
Түстен кейін Аягөз қаласындағы орталық базарда арнайы дауыс ұлғайтушы құрылғылар қойылып, халыққа уағыз насихат айтылды.
19-шы қараша сейсенбі күні Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай кентінде әкімшілік ғимаратында тұрғылықты халықпен кездесу болды.
Бесін намазынан кейін АНТ мүшелері Ақтоғай кенті «Мансул» мешітінің жағамағатымен сұхбаттасы.
22-ші қараша қасиетті жұма күні Аягөз қалалық мешітінде Қарақұлов Еркебұлан қажы Ибрайымұлы ақида мәселері турасында жұма уағыз насихатын айтты. Осы күні ақшам намазынан кейін мешіт жамағатымен қайта бас қосылып, сұрақтарға жауап берілді. Еркебұлан қажы жамағатқа қасиетті Құран Кәрімнің бірнеше аяттарынан мысалдар келтіре отырып, оның мағыналарын кеңінен түсіндіріп, әр істе белгілі бір адамның пікірін ғана ұстанып, басқа пікірлерді жоққа шығарудың қате екендігін, діңге әділет көзімен қарау керектігіне кеңінен тоқталып өтіп, жамағатты бірлікке шақырды. Мешіт жамағаты алдағы уақытта да осындай ізгілікі шаралар өз жағласын тапса деген ізгі тілектерін білдірді.
Келген АНТ мүшелеріне аудан имамы алғыс хат тапсырып, дін жолындағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.11.2013
4127
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру