Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарды жақсылыққа жұмылдырған жиын

25.11.2013 3706 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Жастар бөлімі ашылып, аталмыш бөлімнің жұмысын облыстарда атқаратын өкілдер тағайындалған болатын.

Бұл бөлімнің қызметі, аты айтып тұрғандай, жастарды жақсылыққа жұмылдыру, имандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеу һәм дінге жат, дәстүрге қайшы ағымның жетегінде кеткен жеткіншектерге бағыт-бағдар сілтеу, т.б.

23 қарашада ҚМДБ жастар бөлімінің Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен «Тұрақтылыққа – діни сауаттылық арқылы» атты жастар форумы өтті. Аталмыш форумға ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі, облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің  Бас имамы – Дәуренбеков Әбдімүтәлі Қайназарұлы, АНТ мүшесі, Атырау қалалық «әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы – Жұмағұл Қанат Әділханұлы, облыстық ішкі саясат басқармасының Бас маманы – Сапаров Максим Рахметқалиұлы, облыстық дін істері басқармасының Бас маманы – Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы, облыстық жастар саясаты басқарамысының мамандары, сондай-ақ облысымыздағы жастар ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Форум – жастарды толғандырып жүрген діни мәселелер төңірегінде ашық пікіралмасу форматында өтті. Форум барысында студенттер қазіргі кезде қоғамымызда өзекті мәселеге айналған жастардың дәстүрден тыс жат ағымдардың жетегінде кетіп қалуының себебі, онымен күресу жолдары, ата-ана мен дін ұстанған жастардың арасындағы келіспеушілік т.б өте өзекті тақырыптарға байланысты сұрақтар қойылып, имамдарымыз бен дінтанушы ғалымдар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Жастар ұйымдары басшылары «Осындай форумдардың жастарымызға берері мол. Сондықтан болашақта да ҚМДБ-ның жастар бөлімімен, орталық мешітпен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз» деп сенімін білдірді.

 

Облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру