Алматы облысы Талдықорған өңірі, Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылдық округіне қарасты Тастыбастау ауылында жаңа мешіттің ашлуына АНТ мүшелері де куә болды. Мешітті жергілікті кәсіпкер ұлты шешен Абуев Хасан салып берді. Хасан бауырымыз көп ұлтты еліміздің ауыз біршілігі мен берекесі болсын деген ниетпен игі істің себепшісі болды. Мешіттің ашылуына келген қонақтар алдыменен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы бас мүфти хазрет Ержан қажы Малғажыұлының ақ тілегін жеткізген ҚМДБ-ның мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы және Алматы қаласы, Төлеби мешітінің бас имамы сондай-ақ имамдардың білімін жетілдіру институтының директоры Кенже әлі Мырзабай, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы, Кербұлақ аудандық ішкі саясат бөлім бастығы Марат Айнабеков, аудандық ақсақалдар төрағасы Сарыбаев Төленді ақсақал мешіттің ашылуына келген жұртшылыққа ізгі ниеттерін білдірді. Мешіт үлкен жолдың үстінде орналасқандықтан жолаушылардың намаз оқуына және де заман саулетіне сәйкестендіріп, өте ыңғайлы етіп салынған.
ҚМДБ Талдықорған өңірі бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.11.2013
3790
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру