Бүгін «Орал» облыстық орталық мешітіне республикаға аты танымал дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 10 «а», «б» сынып жетекшілері Аяжан Темірғалиева, Гүлмира Мұсағалиева мен оқушылары арнайы келді.
Орталық мешіттің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев жылы жүзбен күтіп алып, мешіттің үлкен залында, асыл дініміздің құндылықтарын айтып, кешегі қазақ халқынан шыққан даналардың барлығы да медресесіде білім алып, елге танымал болған алаш азаматтары жайында сөз қозғады. Сонымен қазіргі жастардың діни білімі жоқтығынан кешегі Сирия еліне барып, құрбан болғандығы жайында айтылды. Міне бізді әлпешпет, аялап өсірген ата-анамыздың борышын өтедік пе? Ата-анамыз бізді ұлым жақсы білім алсын деп, ертеңгі күні сол мамандық адал иесі болсын,-деп ата-анамыз Алладан тілек тілейді. Сондықтан да жат ағымдардың көшіне ермеу үшін, екі дүниенің білімін алу, баршамыздың міндетіміз,деді облыстық мешітінің найб имамы Мұратбек Мұхтарханұлы.
Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтары қойып, жауаптар алынды.
Кездесуде барысында аталмыш білім ордасының 10 «а» сынып оқушысы Аяжан Жардемова облыстық мешіттің найб имамы Мұратбек Қыстаубаевқа дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатында жайында жазылған кітабын сыйға тартты.
Сол білім ордасында әр бейсенбі сайын елімізге танымал ақын-жазушылар мен спортшылар кездесуіне байланысты бұл күнді «Белсенділер күні»,-деп атайды. Сол күні оқушылардың өздері таңдайды екен. Кездесу соңында найб имам Мұратбек Қыстаубаев қасиетті құран-кәрімді оқып, дұға жасады.
Осындай игілік іс барша мектеп ұстаздары мен оқушылар арасында жалғасын тапса нұр үстіне нұр болар,- еді.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.11.2013
4097
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру