ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілідігі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде сайт бөлімінің ұйымдастыруымен қала және аудан имамдары мен мешіт хатшыларына ғаламтордың тиімді тұстары жайында семинар-тренинг болып өтті.
Аталмыш семинарды Сыр еліне арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның дін істер бөлім меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы имамдарға Діни басқарманың Интернет желісін тиімді пайдалану мен ондағы насихат жүргізу барысындағы елеулі істерімен таныстырп, бүгінгі өтіп жатқан шараның имамдар үшін де өте маңызды екендгін тілге тиек етті.
Өкіл имам Талғат Сейіткәрімұлы имамдарға бір қатар тапсырмалар беріп, Діни басқарманың бір қатар тапсырмаларын жеткізді.
Әрі қарай сайт бөлім меңгерушісі Жеңіс Әбибуллаұлы ҚМДБ-ның ресми www.mutyat.kz сайтының жаңа түрімен таныстырып, ондағы түрлі айдарларға жеке-жеке тоқталып бағыт-бағдарларымен таныстырды.
Әлеуметтік желілермен жұмыс жасай алу – бүгінгі күннің талабы десек қателеспеген де болармыз. Осындай желілердің bірі facebook әлеуметік желісімен танысырып, интернет әдебі мен оның маңызды тұстарын үйретті.
Google.com ресурсының іздеу жүйесін әлі интернет қолданып білмейтінерге практикаық мысалдар келтіре отыып түсіндірумен қолдана білетіндерге өзгеде youtube, translate.google.com тағы да басқа артықшылықтарымен таныстырды.
Семинарға қатысқандар арасынан жасы үлкені батасын беріп, пайдалы дүниелермен сусындап тарқасты.
Ескендір Әсел,
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2013
6602
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру