Қараша айының 18-23 күндер аралығында ҚМДБ-дан тарапынан құрылған үгіт насихат тобы Жезқазған аймағы бойынша насихат жұмыстарын бастады. Үгіт насихат тобының құрамында белгілі дінтанушы Арман Қуанышбаев және Жезқазған аймағы бойынша өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы бастап халықты діни сауаттандыру, жат ағымдардан алдын алу жұмыстарын жүргізді.
19-шы қараша күні Жезқазған қаласында келген қонағымыз «Нұр Отан» ХДП бас ғимаратындағы мәжіліс залында Жезқазған қаласы мектептерінің директорлары, дінтану пәнінің мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Ішкі саясат бөлімінің бастығы Мырзабекова Мереке Батырбекқызы арнайы келген қонағымызды жиналған халықпен таныстырып, сөз кезегін өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлына берді. Білікті дін маманы Қуанышбаев Арман ағамыз Иемен Араб Республикасында бес жылдан астам білім алып, Егеменді елімізде салт-дәстүрімізге сай асыл дінімізді насихаттауда елеулі еңбек атқаруда.
Жиналған жұршылыққа Арман Қуанышбаев Ислам дінінің құндылықтары, білім алудың маңыздылығы, жат ағымдардың ықпалынан сақтануға шақырды. ҚМДБ-ның арнайы оқу орындарынан, мешіт-медреселерден білім алу, интернет желісінде muftyat.kz сайтында мақұлданған azan.kz, muslim.kz, т.б. және жергілікті ahmetishan.kz сынды сенімді дерек көздерін пайдалану керектігін айтты. Осындай кезекті уағыз-насихат шараларынан жастар өздеріне қажетті діни мағлұмат алып, мазалап жүрген сауалдарын ортаға салды. Намаз оқу, қыз баланың орамал тағуы жайында сұрақтар қойылды. Алла Тағала мұсылмандарға күніне бес рет намаз оқуды парыз қылып Құран Кәрімде әмір етті. Сонымен қатар күнделікті күйбең тіршілікте дүниенің қызығына алданып кетпей, құлшылығыңмен Жаратушыны есіңе алып, тәубеңе келіп тұруыңды ескертеді. Ислам дініндегі әйел адамға деген құрмет, оның ішінде ананың қадірі жайында ерекше ескертілген. Сол үшін аналарымыз, апа-қарындастарымызға Алланың жаратылысында берген нәзіктілігін өз қалпында сақтап, орамал тағу, әрет жерлерін жабу парыз етілген.
Тартымды өткен басқосуға жиналған қала жастары белсене ат салысып, дін төңірегінде туындаған түрлі сауалдарына қадірлі қонақтар тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алынды. Алдағы уақытты дұрыс сенімде, бағытта Отанымыздың дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
ҚМДБ-ның Жезқазған өңірі
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.11.2013
4332
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру