Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес, Алматы облысы Заречни ауылында орналасқан ЛА-155-14 ИК 103 жалпы режимдік, ЛА-155-12 ИК-99 ЛА-155-8 ИК-71 қатаң режимдік колонияларында дәстүрлі дінімізді насихаттау жұмысы өкіл имам Серікхан Рымханұлының қолға алуымен бір жолға қойылды.
Енді бұдан былай аталмыш абақтыларда «Отанды сүю иманнан», «Джиһад деген жазықсыз жандарды өлтіру ме?», «Ислам дінінің құндылықтары» «Мәзһаб ұстанудың пайдасы» тағыды басқа көптеген тақырыптарда айыны бір мәрте уағыз насихаттар өткізіліп тұратын болды. Бұлда болса жазасын өтеушілердің арасындағы теріс пікірде жүргендердің беттерін бері қаратып, ата-бабадан жалғасын тауып келе жатқан тура дінімізді түсінуге зор үлесін қосады деген үміттеміз.
Талдықорған қаласы Еркін мешітінің бас имамы Мүтебаев Қанатпен Талдықорған «Нұр» мешітінің ұстазы Өрдебайұлы Мұхамед олардың тарапынан асыл дінімізге қатысты туындаған түрлі көкейкесті сұрақтарына да байыппен толыққанды жауаптар да беруде. Әрине, барлық игіліктің бастауы -имандылық екені белгілі. Сондықтан да дін қызметкерінің бұл игілікті ісіне мекеме басшылығы ғана емес, жазасын өтеушілерде дән риза.
ҚМДБ Талдықорған өңіріндегі
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2013
3574
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру