Республика бойынша халыққа ата-бабамыз сан ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі дінімізді насихаттау жастарды жат ағымдардың арбауында кетуден қорғау мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан елімізге танымал имамдардан, дінтанушы ғалымдардан құралған Республикалық ақпарат-насихаттау тобы құрылған болатын.
ҚМДБ тарапынан бекітілген жоспар бойынша 18 қараша күні Ақтөбе қаласына Республикалық ақпарат-насихаттау тобының мүшелері – Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен Томантаев Арман келді.
Жоспарда бекітілгендей алғашқы кездесу «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында 18.11.13 ж таңғы сағат 11.00 де М. Оспанов атындағы БҚ мемлекеттік медициналық университетінде өтті.
Кездесуге АНТ мүшесі, Атырау қалалық «әт-Тақуа» мешітінің наиб имам Жұмағұл Қанат Әділханұлы, «Ансар» КОО орталығының директоры, теолог – Асқар Сабдин, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-ғасыр» мешітінің наиб имамы – Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының бас маманы – Талдыбай Төлеген Өмірзақұлы қатысып баяндама жасады. Кездесу соңында студенттер тарапынан қойылған түрлі сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.
Сондай-ақ дәл осы уақытта АНТ мүшесі, ШҚО «Өскемен аймағы» орталық мешітінің наиб имамы – Томантаев Арман Ақтөбе қаласындағы жат ағым жетегінде жүрген жастармен кездесті. Кездесу барысында әртүрлі түйткілді мәселелер төңірегінде баяндама жасалып, пікір алмасу болды.
19 қараша күні бекітілген жоспар бойынша АНТ мүшесі – Томантаев Арман Темір ауданы Шұбарши кенті мәдениет үйінде жалпы халықпен, кент әкімі бастаған бір топ мекеме басшыларымен кездесіп, «Ханафи мәзһабы бабаларымыздан қалған мұра» тақырыбы аясында баяндама жасады.
Осы күні сағат 11.00-14.00 арасында АНТ мүшесі – Жұмағұл Қанат Әділханұлы мен облыстық «Нұр-ғасыр» мешітінің наиб имамы – Серікжан Еншібайұлы ҚАЖ 168/1 тергеу изоляторындағы мерзімін өтеушілермен жеке-жеке кездесіп дәстүрлі дінімізді насихаттап, сұрақтарына жауап берді.
АНТ мүшелері сонымен қатар облысымыздағы мешіт жамағаттарымен кездесіп қазіргі кезде өзекті мәселеге айналған тақырыптар бойынша уағыз айтты.
ҚМДБ бекіткен жоспар бойынша АНТ мүшелері 23 қарашаға дейін Ақтөбе облысында уағыз-насихат жұмыстары жалғасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.11.2013
3864
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру