Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АНТ Семей жерінде

19.11.2013 3547 0 пікір

18-20 қараша аралығында ҚМДБ-ның жанынан құрылған ақпараттық насихат тобы ШҚО-на ат басын тіреді. Уағыз насихат тобында Әбсәттар Сманов, Еркебұлан Қарақұлов, Нұрбол Тағаев сынды насихат тобының мүшелері жұмыстарын бастап кетті.

Еркебұлан Қарақұлов Өскемен аймағына, Әбсаттар Сманов Семей аймағына қарасты Аягөз Ақтоғай бекеттерінде уағыз айтылды. Нұрбол Тағаев 18 қарашада Семей аймағына қарасты жарма ауданы Жаңғыз төбе ауылындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеушілермен кездесу өткізді.

19 қараша Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы Университетте студент қауымымен жүздесіп жат ағымға байланысты уағыз насихат айтылды. Одан кейін қаламыздағы Достық үйінде бұқаралық ақпарат өкілдеріне сұхбат берді. Жоғарғы оқу орнының студенттері және оқытушы қауымы қаламыздың ақсақалдарымен Дін және дәстүр тақырыбында кең көлемде уағыз насихат айтылды. Түстен кейін Семей қаласында орналасқан 11 және 35 ші түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті.

 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру