Жақында ҚМДБ-ның бастамасымен қала мешіттері наиб имамдарының семинары басталды. Семинарға ҚМДБ-ның қызметкерлерінен құралған білікті мамандар Сансызбай Құрбанұлы, Триполи қаласының «Адь-Дағуатул Исламия» университетінің түлегі Дүйсебаев Нұрболат, аль-Азһар университетінің шариғат факултетін бітіріп келген Мұханов Асқар, сондай-ақ дін саласының мамандары арнайы шақырылды. Семинарда исламның негізгі құндылықтарының бірі көркем мінез мәселелері қамтылды. Атап айтсақ, «Құрандағы көркем мінез», «Пайғамбарымыздың көркем мінезі», «Әділ халифалардың көркем мінезі», «Қазіргі замандағы имамдардың көркем мінезі қандай болуы керек?» сияқты көптеген ғибратты тақырыптар қамтылған.
Бас имам Нұрбек Есмағанбет семинар барысында көркем мінез құлықтың дін қызметкерлері үшін маңыздылығына тоқталып, халық пен жақын қарым-қатынас жасайтын наиб имамдар болғандықтан, имамдар бүгінгі ізгі іс-шарадан рухани азық алып, діни білімін жетілдіруіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Семинар соңына қарай, орталық мешіттің арнайы шақыртуымен тіл мамандары келіп «шешендік өнерден» дәріс өтеді. Игі шара 30 күнге жалғасып, наиб имамдардан өткен тақырыптар бойынша сынақ алынып, арнайы сертификаттар тапсырылады.
Алматы орталық мешітің баспасөз хатшысы
Әсет БЕКТҰР
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.11.2013
3715
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру