ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Руслан қажы Тыныштықұлының ұйымдастыруымен ҚМДБ Діни ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшесі Сыздыков Рустем Мәлікұлы Орал қаласына арнайы келді.
«Орал» облыстық орталық мешітте құптан намазы кейін жиылған жамағатқа алдында облыс имамы Руслан Султанов ҚМДБ Діни ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшесі, дінтанушы Рүстем Мәлікұлын таныстырды.
Рүстем Сыздықов "Бірлік, ынтымақ, қазақ даласынан шыққан ғұламалар мен батырлар" жайында әңгіме қозғады. Батыс шыққан Сырым, Махамбет батырлар турасында ел бірлігін қорғауда қосқан үлесін, Алашқа есімі алтын әріппен жазылған Жаншаһан Досмұхамедовтың еңбегі турасында кеңінен тоқталды. Қазіргі уақытта елбасымыздың асыл дінімізге көңіл бөліп, тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ елінде қаншама мешіттер мен медреселер бой көтерді, сондықтан асыл дінімізге бой бұрып, рухани білім алуға өз үлестерімізді қосып, келер ұрпаққа асыл мұратымызды аманаттайық -деп тілегін жеткізді. Жиылған қауым көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтар жауапсыз қалмады.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.11.2013
3627
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру