Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АНТ мүшелері абақтыдағыларға уағыз айтты (ФОТО)

19.11.2013 4375 0 пікір

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының жанынан құрылған Ақпараттық насихат тобының мүшелері Астана қаласына да келіп жетті. Аталмыш сапардың жай-жапсары мен жоспары жайлы порталымыздың жаңалық бөлімінде осыдан бірнеше күн хабарлаған болатынбыз.

Халық арасында Ислам құндылықтарын дәріптеп, діни сауатын арттыру мақсатында құрылған топтың бүгінгі таңда атқарған қызметтерін айтып тауысу қиын. Қазанның айының 2-жұлдызында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен өткен дөңгелек үстел отырысында топ мүшелері атқарған шараларға шолу жасалып, мынадай мәліметті алдымызға жайып салған болатын. Алты топқа бөлінген АНТ мүшелері 62 қала, 122 аудан, 33 кент, 1456 ауылға жуық елдімекендерді аралап, 200-дей жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары мен 1654-ке жуық мектептерде кеңейтілген кездесулер өткізген. Аталмыш отырыста алдағы атқарылар жұмыстар жоспары түзіліп, топ мүшелеріне нақты міндеттер мен тапсырмалар берілген болатын.

Бекітілген жоспар бойынша, АНТ мүшелері бүгін Астана қаласындағы алғашқы уағыз жұмыстарына кірісіп те кетті. «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің ұстазы Жасұлан Жүсіпбеков пен Алматы қаласының орталық мешітінің наиб имамы Оралхан Сейдманов бастаған топ бүгін Астана қаласындағы ЕЦ-166/10 қатаң режимдегі түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесу ұйымдастырып, уағыз жұмыстары жүргізілді. Колония қызметкерлері Рахимов Әсет пен Торғаев Руслан сынды азаматтардың көрсеткен көмегі арқасында АНТ мүшелері темір қапастағыларға асыл дініміз жайлы ақпарат беріп, көкей жүрген көптеген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, АНТ мүшелері түзету мекемесі қызметкерлерімен де кездесу өткізіп, Ислам дінінің қағидаларымен таныстырып шықты.

www.muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру