ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров, найб имам Марат Губайдулин және қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Тлеубергенов Алпамыс Шиелі, Жалағаш аудандарындағы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен болып жатқан білім жетілдіру семинарындағы имамдардың жағдайларымен танысып келді.
Өкіл имам: «Жалпы семинардың мақсаты бұйрықтандырылған имамдардың білімдерін жетілдіру. Білім жетілдіру арқылы кері тартпа ағымдардың алдын алу бұл басты мақсат болмақ. Халқымыздың «Ақыл тозбайтын тон, Білім таусылмайтын көл» деген керемет мақалы бар. Сондықтан бұл семинармен шектеліп қоймай алдағы уақытта жиі-жиі білімдеріңізді, біліктіліктеріңізді шыңдайтын семинарлар жалғасын таба бермек.
Осы алып жатқан білімдеріңіз арқылы Алла жолында аянбай қызмет етіп, асыл дініміз Ислам дінінің өркендеуіне үлестеріңізді қосады деген сенімдеміз»,-деп дәріс алып жатқан имамдардың сабақ барысымен қатар жағдайларымен де танысты.
Имамдарда сабақ беріп жатқан ұстаздарына разы екенін білдіріп, алдағы семинарда осы ұстаздары тағыда сабақ берсе екен деп ықылыстарын білдірді.
Ескендір Әсел,
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы
өкілдігінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.11.2013
3837
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру