ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі имамы Руслан Султанов пен Жастар ісі бөлімінің жетекшісі, облыстық мешіттің найб имамы Марат Асанов, Мұратбек Қыстаубаев, Әсет Исламбекұлы, ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, Е.Бөкетов атындағы ҚМУ-нің магистранты, дінтанушы Рүстем Сыздықов , БҚО бойынша облыстық дін істер басқармасының бас маманы Мақсат Аралбайұлы Батыс Қазақстан облысының белсенді жастарымен жүздесті. Кездесуде қазіргі уақыттағы өзекті діни мәселелер жайында сөз қозғады.
ҚМДБ-ның жанынан құрылған Республикалық ақпараттық тобының мүшесі, Е.Бөкетов атындағы ҚМУ-нің магистранты, дінтанушы Рүстем Сыздықов сөз алды: «Қазіргі жастарымыздың діни білімінің аздығынан жатқа жолға түсіп кететіндігін айтып, соңында қайғы істерімен баршамыздың жүрегімізді ауыртатыны өкінішті. Сондықтан да сондай іске бармау үшін алдымен облыстың имамы мен найб имамдары, медресе ұстаздарымен ақылдасып, рухани білім алып, білімдеріміздің жанымызда жүрген достарымызға дұрыс айтып жеткізсек, нұр үстіне нұр болады",-деп тілегін жеткізді.
Осыған орай белсенді жастарды жинап, Тәуелсіз Қазақстанымыз бен ғасырлар бойы салт-дәстүрімізбен біте қайнасқан асыл дінімізді құндылықтарын саналы, білімді жас буындарға үлгі ету, болашақта игілігі мол шараларды бірігіп атқарамыз»,- деді. Кездесу барысында жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алынды. Мұндай игі істер алдағы уақытта жалғасын таппақ.
Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.11.2013
3925
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру