Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Апталық кездесу қорытындысы

18.11.2013 3753 0 пікір

Бір аптаның қорытындысы бойынша Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Жезқазған аймақтық өкіл имамы Қабылбек қажы Жұмабековтың ұсынысымен Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасына шыққан хатының жауабы ретінде Қабылбек қажының ұстазы Египет Араб Республикасының «Аль-Азхар» университетінің ұстазы, шейх Хамдулла Хафиз Ассофти өзінің уағыз насихатын жүргізу үшін Сәтбаев қаласына келген болатын.

Кездесу барысында діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша Египет Араб Республикасының «Аль-Азхар» университетінің ұстазы, шейх Хамдулла Хафиз Ассофти діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат, дәстүрлі емес діни ағымдар, олардың ұстанған бағыты, олардан қалай сақтану жолдары туралы кең көлемді ақпарат берді.

Кездесулер қаламыздың білім ордаларында, қалалық әкімшілікте және қалалық ішкі істер бөлімінде жалғасын тапты. Сондай-ақ бұл кездесулерге қалалық әкімшілік ішкі саясат бөлімінің бас маманы Сәкен Смағұлов, ҚМДБ-ның Жезқазған аймақтық өкіл имамы Қабылбек қажы Жұмабеков, Сәтбаев қаласының Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің найб имамы Сенбіғали Нұрғалиев және Садуақас Ошақұлы мешітінің бас имамы Хамит Мырзагелдиев қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қала тұрғындарының және мектеп оқушыларының көкейлерінде дулығып тұрған сұрақтар қойылды, яғни Сирия елді мекеніне балаларымыз не үшін кетуде?. Уахабизм қайдан шыққан дін?. Осындай сауалнамаларға Египет Араб Республикасының «Аль-Азхар» университетінің ұстазы, шейх Хамдулла Хафиз Ассофти толықтай жауабын берді. Діни ағымдар нағыз діни сана сезімге құрылмай, таза саяси арандатушылық қызметтер атқаратынын, ал тәуелсіз елдердің діндері мемелекет мүддесіне – бірлігі мен ынтымағын нығайтуға қызмет етуі қажет екендігін әсерлі баяндады.

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша

«Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру