Жезқазған қаласының Тау-кен металлургиялық колледжінде «Дін және салт – дәстүр» атты конференция өтті. Студенттердің әлеуметтік- мәдени құзіретін дамыту мақсатында ҚМДБ – ның Жезқазған аймағы бойынша жастар ісі жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Сейдахметов Абылай Айқынұлы және колледждің тәрбие жөніндегі орынбасары Рашитова Ануара Елеуқызымен бірге ұйымдастырылған конференцияға арнайы қонақтар шақырылды. Олар: Жезқазған аймағы бойынша Кәсіподақ қауымдастығы төрағасы – Бөлен Хансейіт Ыбрахымұлы, Дін істері жөніндегі бас маман әрі заңгер – Смағұлов Сәкен Жақияұлы, Жезқазған қалалық жастар басқармалары орталығының директоры Түсіпов Ізтөлеу Бекенұлы шақырылды. Семинарға 1- курс студенттері қатысты. Конференция барысында студенттер назарына «Соқыр сенім» бейне ролигі ұсынылды.
Конференцияға шақырылған қонақтар колледж студенттеріне қазіргі қоғамдағы Ислам дініне жат келеңсіз жағдайлардың өзектілігіне орай, елімізде толеранттылық сананы орнықтыру, сондай- ақ елдегі теріс пиғылды діни ағымдардың салдарынан қалыптасқан діни ахуалды реттеу, ұмытылып бара жатқан ата салт – дәстүрімізді , әдет- ғұрыпымызды қайта жандандыру негізгі мақсаттарының бірі еді.
Жезқазған аймағы бойынша
«Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің баспа сөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.11.2013
4368
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру