2013-ші жыл қарашаның 12-ші жұлдызында Сәтбаев қалалық №44 өртке қарсы бөлімшесінде келелі кездесу орын алды. Кездесуде Мысыр елінен келген қонағымыз Аль-Азһар діни университетінің докторы шейх Ибраһим Хамдулла Хафиз Мухаммед және ҚМДБ-ның Жезқазған аймағының өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек қажы болды, Сәтбаев қалалық мешіттерінен бас имам Мырзагелдиев Хамит, найб имам Нұрғалиев Сенбіғали ағаларымыз болды.
Кездесуді мекеме басшысы Дүйсенбаев Қуаныш Батырұлы жүргізіп отырды. Қонақтарды таныстырған соң шейх Мухаммед Хамдулла жалпы ислам құндылықтары, ахлақ (мінез-құлық), әр істелген істің шариғатқа сай болуы жайында насихат айтты. Арабша насихатты қазақ тіліне тәжімалап өкіл имам Жұмабеков Қабылбек қажы түсіндірді. Көпшілік арасынан сұрақтар қойылып, аят-хадиспен тұжырымды жауап берілді. Мекеме басшысы тарапынан алғыс айтылды.
Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы
мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.11.2013
3556
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру