Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Менің таңдауым Ханафи Мәзһабы» атты семинарлық тренинг өтті

08.11.2013 4833 0 пікір

«Шапағат 2012» қоғамдық қоры және ҚМДБ ОҚО өкілдігі Шымкент қалалық А. Қаттани мешітінің ұйымдастыруымен «Менің таңдауым Ханафи Мәзһабы» атты семинарлық тренинг өтті. Семинар –тренинг қала имамдарының бас қосуымен өткізілді.

Аталмыш семинар тренигке ОҚО әкімшілігі ішкі саясат басқармасының «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры Тұрсынбай Нұржан Арыстанбекұлы, Шымкент қалалық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Еламанов Қасым Әбілдәұлы және Шымкент қалалық А. Қаттани мешітінің бас имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбрайымұлы қатысты.  

Кездесу шымылдығын Шымкент қалалық А. Қаттани мешітінің бас имамы Еркебұлан Ыбрайымұлы сөз алып ашты. Содан соң Әлеуметтік бастамалар орталығының директоры Нұржан Арыстанбекұлы сөз алып, «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫ- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзіндіні тілге тиек етіп: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген»,- деді.

Шымкент қалалық Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Қасым Әбілдәұлы: « Еліміздің  айрандай ұйыған  ынтымағы мен бірлігіне сызат түспеуінде имамдардың атқаратын қызметі орасан зор»-деп, осы мақсатта жұмыстарын одан әрі жалғастыра берулерін сұрады. Өз кезегінде А. Қаттани мешітінің имамы Еркебұлан Ыбраймұлы уаһһабилік ағымның қауіпті, мұсылмандардың бірлігін ыдыратып жатқан топ екендігін имамдардың естеріне салып,оған қарсы идеялогиялық жұмыстарды үдете түсіруіміз керек екендігін айтты. Кездесу соңында имамдар тарапынан әртүрлі сұрақтар мен ұсыныстар түсіп, ұсыныстар қабылданып, сұрақтарға толыққанды жауаптары алынды.   


Темір тордың артындағы келелі кездесу

07.11.2013ж ОҚО Шымкент қаласында Ішкі Істер Министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің  «ИЧ- 167/ 4 мекемесі» республикалық мемлекеттік мекемеде «Асыл дініміз Ислам- экстремизм және терроризмге қарсы» тақырыбында сотталған азаматшалармен  кездесу  өтті. Кездесуге ҚМДБ ОҚО өкілдігі Шымкент қалалық А. Қаттани мешітінің бас имамы Қарақұлов Еркебұлан Ыбрайымұлы, ОҚО бойынша ҚАЖД ИЧ-167/4 түзету мекемесінің жедел бөлім жедел уәкілі әділет аға лейтенанты Беркимбаев Арман Уайданұлы және осы мекеме психолог маманы Сырманова Шарипа Рахманқызы қатысты. А. Қаттани мешітінің имамы  Еркебұлан Ыбрайымұлы дінімізде зорлық-зомбылық жоқ екендігін және асыл дініміз отан сүйгіштік пен көркем мінез –құлыққа шақыратынын толыққанды жеткізді. Кездесу соңында әр түрлі сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар  берілді.  


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру