Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имам-молдалардың 4 күндік семинары аяқталды

08.11.2013 3794 0 пікір

Имамдардың білімін шыңдап, біліктілігін арттыру туралы Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына сәйкес 2013 жылдың 4 – 7 қарашасы аралығында Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешіті облысымыздағы қала және ауыл имам-молдаларының басын құрап, білім жетілдіру семинарын ұйымдастырғаны белгілі.

Енді сол семинар өз мәресіне жетіп, 40 молдаға білім жетілдіру семинарына қатысқаны үшін Бас имам Данияр Әлимұхаммедұлы арнайы сертификатты табыс етті. Төрт күнге созылған семинарда Құран Кәрім, тәжуид, мазхаптар тарихы сияқты пәндер оқытылғанын айта кету керек. Ендігі кезекте екінші лекті оқыту қолға алынуда.

Әміров Әбдіжаппар

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру