ҚМДБ-ның Сырдария жағалауында ораналасқан Қызылорда облысының өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарының арасында бас қосу жиналысы өтті.
Хазрет Мүфтидің ұйытқы болуымен өкілдерге арналған білім жетілдіру семинарына қатысып келген бас имам Талғат Омаров алған әсерлерімен бөлісіп, берілген тапсырмаларды ыждағаттылықпен әр имамға, мешіт қызметкерлеріне тапсырды.
Талғат Омаров: «Имамдарға қойылатын талап өте көп. Соның ішінде өзін-өзі ұстау әдебі, сөз әрекеттерінің элементтері, жұмысқа келіп кету тәртібі, білімділік, көркем мінезділік, заманға сай ақпараттық технологияларды меңгеру»,-деп осы қасиеттер имамдарда болу керек екенін нақтылап айтты.
Осы жиналыста көптеген тың ойлар туып, осы ойларды имамдар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып ауызбіршілікпен, қуана-қуана жүзеге асыруға атсалысатындарын білдіріді. Алла қаласа алдағы уақыттарда осы ойларымыздың жүзеге асқандығынан сіздерде хабардар боласыздар.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз хатшысы
Ескендір Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.11.2013
4416
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру