Науан Хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінде облыс имамы Қанат Қыдырминнің төрағалығымен өткізілген басқосуда қазіргі қоғамымызды алаңдатып отырған діни ахуал жайы жан-жақты әңгіме өзегіне айналды.
Бұл жиналысқа Ақмола облысына қарасты барлық аудан имамдары қатысып, пікір алысты. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген облыс имамы Қанат Қыдырмин жақында Бас мүфтияттың төралқа жиналысында көтерілген меселелер жайында хабардар етті. Онда имам-молдалардың өз міндетіне деген жауапкершілігін арттыру және мешіттің іс-қағаздарын жүйелі жүргізу жайы ортаға салынды. Себебі, мүфтияттың төралқасында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жергілікті имамдарға көп міндеттер жүктеген еді. Мәселен, жергілікті мешіттердегі діни кадрлардың міндеттерін орындауда талап етілетін жауапкершіліктерді бөлісу аса маңызды болып табылады.
Облыс имамы Алматыда өткен үш күндік семинар жайлы да әңгімелеп берді. Онда ақида, фиқһ, уағыз әдебі, шешендік өнер, хадис ілімі тақырыптарында ауқымды әңгіме өрбіген еді.
Бұл бүгінгі күні аса келелі тақырыптардың бірі. Әсіресе, дін қызметкері ақида, фиқһ мәселесінде ғана білімді болып қоймай, уағыз айтқанда шешендік өнерді, психология танымдарын кең меңгергені абзал. Сондықтан аудандық және ауылдық жердегі имамдар көп оқып, білім нәрін терумен де ұдайы айналысқаны жөн.
Облыстық дін істері басқармасының бас маманы Болат Қасенов аудан имамдарымен болған жиналыста сөз алып, діни теріс ағымдармен күресу мәселесін қозғады.
Аудан имамдары да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, пікірлерін білдірді.
Науан Хазрет мешітінің
баспасөз қызметі
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.11.2013
3804
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру