Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

15 білім ошағында дін өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті

07.11.2013 3966 0 пікір

Өзгеше кезедесу өтті. Өзгешелігі сол. 6-Қараша бір сәтте Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Алматы қаласының 15 университетінде студенттермен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге  ҚМДБ бөлім басшылары Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы, Сейтбеков Смаил, Оңғаров Ершат, сонымен қатар Алматы қаласы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет бастаған қаланың 17 имамы қатысты. Аталмыш іс-шараның мақсаты – жастарды түрлі теріс ағымдардан сақтандыра отырып, отансүйгіштікке, имандылыққа, мәдениеттілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, исламның шынайы игілікті рухани байлықтарын насихаттау болды.

Мұндай ауқымды кездесуге әр оқу орнында шамамен 200-300 студент жиналды. Ұйымдастырылған кездесуде жастар көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарын дін өкілдеріне жолдап, өткір әрі өзекті сауалдарға толымды жауаптар алды. ҚМДБ-ның өкілдері студент жастарға дәстүрлі ислам дінінің басты құндылықтары жайлы сөз етті. Қазақстанда ислам дінінің ханафиттік мазхабы таралғанын ескере отырып, еліміздің өсіп-өркендеуі, рухани тыныштығы үшін осы бағытпен жүру маңыздылығына назар аударды.

Кездесу соңына қарай дін қызметкерлері жастардың ислам діні туралы дұрыс білім алуына көмектесетін уағыз-насихат жазылған үн таспа және бейне таспалар таратты.

Кездесу өткен оқу орындары:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, КазАЭСТ(спорт және туризм), Рысқұлов атындағы КазЭУ, Абай атындағы КазНПУ, Жүргенев атындағы КазНАИ, Құрманғазы атындағы КазНК, КазГосЖенПУ, Тынысбаев атындағы КазАТК, КазГАСА, Асфендияров атындағы ҚазМУ, КазНАУ, АУЭиС, Абылайхан атындағы КазУМОиМЯ.

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру