Жуырда, Шымкент қаласы А.Қаттани мешітінің мәжіліс залында қала имамдарының қатысуымен бас қосу өтті. Жиналысты облыстық орталық мешітінің найб имамы Желеуов Дастан және «А.Қаттани» мешітінің имамы Қарақұлов Еркебұлан ашты.
Жиналыста бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда: қала мешіттерінің тыныс тіршілігімен танысу, мешіттерде уағыз насихаттарды жүргізу, жұмыс тәртібін қадағалау, күнделікті бес уақыт намаз және азан мәселелерін реттеу, күнделікті бесін намазы уағызы және жұма уағыздарын қадағалау, мешіттердің қысқа дайындық мәселесін қадағалау мәселелері көтерілді. Алдағы уақытта бұндай келелі кездесулер жалғасын таппақ. Жиналыс соңында имамдар ҚМДБ тарапынан келетін тапсырмаларды нақты алып, тапсырмаларды жүзеге асыруға міндеттелді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2013
4093
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру