Жезқазған аймағына Мысыр мемлекетінің Әл-Азхар университетінен арнайы келген қонағымыз шейх, доктор Хамдуллах Хафиз Мұхаммед Ибрахим жоғарғы оқу орындарымен мекемелерде қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен кездесулерін жалғастырды.
Атап айтқанда 5 қараша күні Жезқазған қаласы «Медициналық колледжі» және «Политехникалық колледжінде» Хамдуллах ұстаз және Жезқазған аймақтық мешітінің Өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы, қалалық әкімшілік бойынша ішкі саясат бөлімінің бастығы Мырзабекова Мереке Батырбекқызы жиналған студенттермен ұстаздарға уағыз-насихат жүргізді. Мереке Батырбекқызы келген қонатарды таныстыра отырып, сөз кезегін Мысыр елінен келген қонағымызға берді. Әңгіме барысында Ислам дінінің құндылықтарын, жастардың білім алудағы басты жауапкершілік, елге қызмет ету болып табылатынын айтып өтті.
Қандай мамандықта болсақ та ілім-ғылымды зеріттеп, дамыту Ислам дінінде де басты міндет болып табылады. Медицина саласы бойынша студент жастар көкейінде жүрген діни сұрақтарын қойды. Шариғат талабы бойынша рұқсат етілген амалдар мен міндеттер жайын, мәжбүрлік болған кезде дәрігерлерге қойылатын талаптарды салалап түсіндіріп берді. Сонымен қатар қыз балалардың кәзіргі қоғамда жоғарғы оқу орындары мен мемлекеттік мекемелерде орамал тағу мәселесі жайында сауалдар қойылды. Өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы шариғат талабы бойынша балиғат жастың ер балаға 12-13 жас, қыз балаға 9-10 жастан бастап кіретінін, және-де осы уақыттан бастап Алланың әмір еткен парызын орындау ақыл – есі бүтін мұсылманға міндетті екенін айтты.
Сол тұрғыда қыз баланың әуретті жерлерін жауып, орамалын тағу да парыз болып табылады. Арнайы діни оқу орындарымен мешіттерден білім алып, ҚМДБ-ның сараптауынан өткен әдебиеттерді оқып сауатымызды ашу керек. Жат ағымдардың ислам дініне «радикалды» терминін қоса күйе жағуының салдарынан күні бүгінге дейін қарапайым жұршылыққа «бейбітсүйгіш сенімімізді» теріс жағынан көрсетіп келеді. Жастардың Ислам дініне жат ағымдардың уағыздарын тыңдап, ықпалына еріп кетпеу үшін жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Біздің зайырлы қоғамда сырт бейнесіне қарап, ішкі рухани дүниесі мен түсінігіне үңілмей, теріс баға беру де жиі байқалады. Осының барлығы білімнің, оның ішінде діни білімнің таяздығы салдарынан болып жатқандығын айтты. Жастардың қойылған сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар берілді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.11.2013
4294
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру