6-қараша. «Нұр Астана» орталық мешітінің мәжіліс залында қала мешіттерінің қызметкерлері бас қосып, алқалы жиын өткізді. Аталмыш жиынға ҚМДБ найб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай Ораз және ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай Өтпенов қатысты.
Алдымен ҚМДБ-ның найб мүфтиі С.Ораз сөз алып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметіне келген Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жеті айдың ішінде жаңа бастамалардың қолға алынып, нәтижесінде біршама жұмыстардың жасалғанын атады. Сондай-ақ, имамдардың алдында үлкен жауапкершіліктер мен міндеттердің тұрғанын айта келіп дәстүрлі дінімізге аянбай қызмет етуге шақырды. Жамағатпен тығыз байланыс орнату керектігіне де ерекше тоқталған найб мүфти С.Сатыбалдыұлы әрбір найб имамның кем дегенде бес шәкірті болу қажеттігін баса айтты.
Мұнан кейін Астана қаласының бас имамы Наурызбай Өтпенов күн тәртібінде тұрған мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, мешіттің үгіт-насихат жұмыстарын жандандыру жолдарын талқылау; діни сауат ашу курстарының жұмысын қарқынды түрде дамыту; жамағатпен тығыз қарым-қатынас орнату; жұмыс кестесін қадағалу; мешіт қызметкерлерінің киім үлгісі; БАҚ өкілдерімен байланыс; «Баспасөз-2014»; қаладағы намазханаларды бақылау осы аталған жағдайларды мешіт қызметкерлерімен ортақ талқылады.
Дін қызметкерлері де өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, талқыланған мәселелерге бірауыздан қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2013
3567
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру