ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің кезекті тапсырмаларын жедел жүзеге асыру мақсатында өкіл имам Н.Исенов қараша айының 5-жаңасында Павлодар облысына қарасты барлық қала, аудан имамдарының жедел жиналысын өткізді.
Жиналысқа қатысқан ҚМДБ-ның Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ –нан бүгінгі таңдағы елімізде хақ дінімізді жаю, насихаттау, діни іс-шараларды пәрмендендіру, қалыптастыру, ата-бабаларымыздан бері ұстанып келе жатқан дәстүрлі дініміздің өркендеуі жолында атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңа бастамалар туралы, сонымен қатар ҚМДБ- ның жаңадан құрылған Жалпы және жастар бөлімінің негізігі функциясы, алға қойып отырған мақсаттары мен міндеттері туралы облыс имамдарына кеңінен әңгімеледі.
Келесі кезекте өкіл имам Нариман Ермекұлы қала, аудан имамдарының өткен айдан бергі атқарып жатқан іс-қызметтерінің қысқаша есебін тыңдап, дәл қазіргі таңдағы кезек күтіп тұрған шаралар мен ҚМДБ-нан берілген тапсырмаларды таныстырып, міндеттер жүктеді. «Бүгінгі таңда имамдарға қойылатын талаптар күннен күнге артуда. Имамдар ресми іс қағазбен жұмыс жүргізуді толық меңгеруі керек. Олар жоғарыдан, төменннен және халықтан келетін әрбір құжатты толық тізімге алып, соңғы шешімін шығарып болғанша басты назарда ұстауы керек. Әрбір құжаттың артында адам тағдырына байланысты мәселелер күтіп тұратынын естен шығаруға болмайды. 2013 жыл да аяқталуға шақ қалды. Әрбір жыл соңында жыл басынан бергі жүріп өткен жолымызға бұрылып қарап қорытынды жасау, табыстар мен кемшіліктерімізді сарапқа салу, алдағы межелерімізді анықтау біздің дәстүрлі үрдісіміз. Ендеше әр мешіт имамдарының жыл бойғы іс-қызметтерінің есебін жасап, тиісті бағасын беретін боламыз»-дейді өкіл имам Нариман Ермекұлы.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.11.2013
3459
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру