Сырдың сыйлы қонағы болып келген Астана және Қазақстанның митрополит Александр қаламыздағы православ шіркеулерін аралап, ат басын ҚМДБ-ның өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітіне бұрды.
Обылыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, Қызылорада қаласындағы дін істер агенттігінің басшысы Бақытжан Камалов және митрополит Александр мен оның әріптестерін имамдар жылы шыраймен күтіп алды. Дін өкілдері Алла үйін аралатып, ішкі құрылымдарымен таныстырды.
Митрополит Александр: «Дін аралық, ұлт аралық келісімді насихаттау бұл басты мақсат. Осы жұмыстарыңыз берекелі болсын. Сіздерге жақсылық, ауызбіршілік пен ынтымақ тілейміз.»
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы орталық
«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы Ескендір Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.11.2013
3943
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру