Қазақстан инновациялық университетіндегі студенттерге діни ағымдардың мәні жөнінде уағыз насихат жүргізілді. Кездесуге қатысқан Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің орынбасары Садырбаев Айдар Семей қаласындағы діни ағымдар туралы тоқталып өтті. Семей қаласындағы Қазақстан инновациялық университетінің философия пәнінің мұғалімі Ерзат Жетібаев жат діни ағымдардан қалай сақтану керектігі жайлы студенттерге қысқаша түсіндіріп өтті. ҚМДБ-ның Қос мұнаралы орталық мешітінің найб имамы Бекзат Боранбайұлы өз сөзінде Ислам дінін жамылған теріс пиғылды кері тартпа ағымдардың іс-әрекетін, халықты алдап-арбау арқылы өз араларына қалай тартатыны туралы кеңінен тоқталды. Студенттердің діни ағымдарға байланысты сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында студент жастарға, ағымдардың арбауына түсіп қайтадан қатарға қосылып, өткен қателіктеріне өкінген жерлестеріміз туралы бейне баян көрсетілді.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.11.2013
3652
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру