Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жеткіншектермен кездесулер ширатылды

04.11.2013 3510 0 пікір

Жезқазған аймағының кеншілер шаһарының қос мешіті Балмағамбет Балқыбайұлы мен Сәдуәқас Ошақұлы атындағы мешіттердің ұйымдастыруы және қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен республикадағы Рухани келісім  күні аясында он күндік болып өтті.

Он күндік аясында қалалық ішкі саясат және білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері бекіткен жоспарға сәйкес мешіт имамдары, зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының белсенділері мен мемлекеттік қызметкерлердің басын біріктірген діни тренинг № 7 мектеп қабырғасында өткізілді. Діни тренинг  «Дінің сақта, салтында сатпа» тақырыбында өрбіді.  

Ондағы орта салынған негізгі мәселе, талшыбық жастар бойында атадан балаға мирас болып қалған ұлттық дәстүр, салт – сана мен рухани құндылықтарды сақтау және дәріптеу. Кездесуде сөз алған Балмағамбет Балқыбайұлы мен Сәдуақас Ошақұлы атындағы мешіттердің Бас имамдары Бақдәулет Нұраматұлы мен Хамит Әліпбайұлы «Алладан жаратылған әр ұлт өзінің салты мен дәстүрін, діні мен жолын жоғалтпай, заманауи ағыммен өмір сүру», -  деп атап өтті. Сонымен қатар мешіт өкілдері қатысушыларға ҚМДБ – мен бекітілген кітапшалар таратты.

Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешіттің баспасөз қызметі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру