Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

4 күнде 40 жерде кездесу

04.11.2013 4216 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі «Ақмешіт – Сырдария» мешіті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен қала мешіттерінің имамдарынан құралған уағыз – насихат тобы осыдан бір жарым ай бұрын Сексеуіл, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары мен ауылдарын, бір күнде 10 жерде кездесіп жалпы саны 40 кездесу өткізіп келді.

Бүгінде «4 күнде 40 жерде кездесу» үрдісінің атбасы Жалағаш, Терңөзек, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен ауылдарына бұрылды. Бұл топтың мүшелері «Айтбай» мешітінің бас имамы Тлубергенов Алпамыс, «Айтбай» мешітінің найб имамы Махамбетов Нұрлыбек, «Ибраһим» мешітінің найб имамы Губайдулин Марат, Төретам қыстағы орталық мешітінің бас имамы Пулатбеков Убайдулин. Осы дін қызметкерлері ауыл - ауылды аралап, еңбектеген баладан қартайған қартқа дейін  уағыз нәрімен нәрленуіне үлестерін қосты. Уағыз барысында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелер қозғалып, халық көкейде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

Осылайша теңізге қосқан тамшыдай болсада уағыз – насихат тобының жұмысы әрі қарай жанданып, өрісінің кеңеюін Алла Тағала нәсіп еткей.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы
орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
баспасөз хатшысы
Ескедір Әсел

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру