Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жақсы іс жалғасын тапса

31.10.2013 4023 0 пікір

Қазан айының 15-28 аралығында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар бөлімінің Атырау облысы бойынша өкілі, облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазановтың қатысуымен Атырау мұнай және газ институтының, Атырау медицина колледжінің, сондай-ақ, №10, №14, №22 және Ф.Оңғарсынова, А.Құнанбаев, Ә.Жангелдин атындағы орта мектептер оқушыларының қатысуымен «Экстремизм мен терроризм - қоғам дерті» тақырыбында кездесу болып өтті.

Жоғарыда аталған сегіз оқу орнының белсенді студенттерімен жүздесудегі негізгі мақсат - Атырау облысындағы конфессияаралық келісімді, толеранттылықты, дәстүрлі исламды насихаттау, діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алды алу, тұрғындардың діни сауатын көтеру мақсатында ақпараттандыру.

 ҚМДБ-ның Жастар бөлімінің Атырау облысындағы жауапты өкілі Н.Рамазанов өз сөзінде: «Терроризм – адамдар арасына үрей мен қауіпті, қатер мен қорқыныш тудырып, белгісіз адамдарды өз мүддесін пайдаланатын, жаппай бұқара халықтың нақақтан-нақақ қанын төгуге бағытталған өте ауыр қылмыс.

Ендеше, мұндай зұлымдықты көптеген бұқаралық ақпарат құралдарында исламмен байланыстырып, «исламский терроризм» деп, айту әсте дұрыс емес.

Себебі, ислам - бейбітшілікті, тыныштықты насихаттайтын, өзінің «бейбітшілік» деген мағынадағы атына заты сай асыл дін. Осы орайда исламдағы «жиһад» деген құлшылықтың атын жамылып шетел асып, мұсылман мемлекеттеріндегі, атап айтқанда, Сирия, Ауғанстан, Ливия, басықа да осы секілді елдердің ішкі саяси қақтығыстары мен соғыстарына  қатысып жатқан кейбір қаракөз қазақ жастарының істері, яғни, терроризмге жол берулері өкінішті-ақ», -  деп, әрі қарай теріс ағым турасында кеңінен мағлұмат беріп, одан сақтану жолдарын да атап өтті.

Кездесулер соңында имамға риза болған студенттер мен оқушылар ризашылықтарын білдіріп, келешекте мұндай шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарын жеткізді.

Аяла ӘДІЛЕТ.

Атырау.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру