Жастарға уағыз-насихат жүргізілді
Жезқазған аймағына келген ҚМДБ-ның арнайы насихат тобы жоғарғы оқу орындарымен мекемелерде қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен кездесулерін жалғастырды. 24.10.2013ж. Жезқазған қаласы «Технология және сервис колледжінде» және Политехникалық колледжінде ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай қажы Құрбанұлы, Жезқазған аймақтық мешітінің Өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы, қалалық әкімшілік бойынша ішкі саясат бөлімінің бастығы Мереке Батырбекқызы Мырзабекова жиналған студенттермен ұстаздарға уағыз-насихат жүргізді. Мереке Батырбекқызы келген қонатарды таныстыра отырып, сөз кезегін Сансызбай қажы Құрбанұлына берді. Әңгіме барысында Ислам дінінің құндылықтарын, жастардың білім алудағы басты жауапкершілік елге қызмет ету болып табылатынын айтып өтті. «Джихат» дегеніміз бар күш-жігерімізді жұмсау мағанасын береді. Білім жолында да көздеген мақсатына жету, жақсы нәтиже көрсетуге талпынудың өзі «Джихат» болып есеплеледі. Бұл ұғымды кейбір жастармыздың санасына теріс насихаттап, санасын улап жатқандығы байқалып жатыр. «Бастығы белгісіз, ешқандай мақсаты айқын болумаған нәрсеге «Джихат» деп еліктеп кететіндер, олар надандық өлімінде өледі» - деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.у.) хадисін мысалға келтірді. Міне осындай жағдайлардан жастарды аулақ болуға шақырды. Діни білімді де арнайы орындардан, мешіт, медреселерден алу керек. Еліміздің болашағы үшін білім алып, ғалым Қаныш Сәтбаев аталарыңыз сияқты халық мүддесіне аянбай қызмет еруге шақырды.
Ақшам намазынан соң Сансызбай қажы Құрбанұлы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде жамағатқа Ислам дінінің асыл құндылықтары жайында тартымды уағыз жүргізді.
Дініңді-сақта, дәстүрді-сатпа, сенімді-ақта
Діни экстремизім алдын алу онкүндік тренинг бастау алды. №19, №3,№7 орта мектептерінде ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кездесу өтті. Ол кездесуге ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов С., Жезқазған аймағының өкіл имамы Жұмабеков Қ., Сәтпаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің бас имамы Абдрахманов Б. және де Сәтбаев қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сағындықова Г. қатысты. Кездесу барысында «діни экстремизім тақырыбында» сөз қозғалды. Сөз алған Сансызбай ұстаз еліміз Егемендік алу мен әр түрлі діндер мен ағымдардың кіруі жайлы әңгіме қозғады. Сол ағымдардың ықпалына түскен жастарымыздың адасуы тұрғысында түсініктер берді. Ислам діні бейбітшілік, ешкімге зорлық зомбылық жасауға үгіттемейтін дін екені жайлы айтып түсіндірді және қатысушылар тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерін басшылыққа ала отырып қанағаттанарлық түрде жауаптар берді.
Жұма уағызы
ҚМДБ-ның бастауымен құрылған ахпараттық насихат тобы бүгінде ат басын Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітінің жұма уағызына бұрды. Жұма мінберінде ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай «өзін-өзін өлтіру үлкен күнә» тақырыбанда дүйім жамағатқа уағыз айтты. «Жүректен шыққан сөз, жүрекке жетеді» демекші бар сезімге беріліп, айтылған уағызды жамағат өте ерекше ден қойып тыңдады. Уағыз барысында ұстаз Исламның құндылықтарын айтып жеткізді. Исламның ешқандай келіспеушілікті, айтыс тартысты, бір-біріне қақтығысты қаламайтын бейбітшілік дін екенін баяндады. Қазіргі таңда маңызды болып отырған діндегі ақида (сенім) мәселесі және шариғи мәселелерді шолып өтті. Еліміз Егемендік алған кезде, дін бостандығы берілген кещде, әр түрлі діндер мен ағымдардың келгені жайлы сөз қозғады. Сол бір алпауыт мемлекеттердің жүргізіп отқан саясаи - идиологиясының құрбаны болған, ағымдарға ерушілердің шетел асып кетіп жатқан жағдайы тақырыпқа арқау етті. «Бейкүнә бір адамды өлтірсе немесе жер бетінде бұзақылық қылса – күллі адамзатты өлтіргендей болады» «маида» сүресі, 32-аят деген құран аяттарын құлаққа ілмей, Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадистерінің астарын мағынасына түсінбей, тікелей түсінгендіктен осындай адасушылыққа ұрынуда. Осындай ол қылықтардың алдын қалай алу керктігі жөнінде айтты.
Жамағатпен жүздесу
ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай ұстаз жамағатпен кездесті. Бұл жолы Сатбаев қалалық Садуақас Ошақұлы мешітінде ақшам мен құптан арасында уағыз айтты. Негізгі тақырып «Иман ләзатын сезіну, бауырластық, бірлік» жайында өрбіді. Өз өзіне қол жұмсау үлкен күнә екенін де тілге тиек етті. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал жайында да, Аллаға серік қосу кешірілмейтін айыб екенін де айтты. Ұстаздың айтқан уағызын жамағат кең ауқымды түсініп, жүректері насихатпен тынышталды.Соңынан жамағат арасынан сұрақтар қойылып, тұжырымды жауап берілді.Бір жарым сағатқа созылған уағызды тыңдап, жамағат бір қатарда тұрып намаз оқып, тарқасты.
Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы мешітіндегі кездесу.
ҚМДБ-ның ұйғаруымен діни экстремизімнің алдын-алу мақсатында ақпараттық уағыз-насихат жүргізуге келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоқанов Сансызбай кездесу өткізді. Кездесуде Сансызбай ұстаздың Құран мен Пайғамбарымыздың (с.а.с) сүннетінен келтірген дәйекті дәлелдері, құлаққа жағымды, жүрекке жақын тиіп жамағатты өзіне баурап алды. Ұстаз Ислам дінінің бейбітшіл дін екендігін, бөліну, бөлектену, біреуге қарсы себеп-салдарсыз жиһадқа шығуды қаламайтын, Құран кәрімде айтылғандай : «Аллаһтың қасындағы шынайы дін-Ислам» (Әли Ғымран сүресі 19-аят) екендігін атап айтты. Ислам дінінің құндылықтары жөніндегі айтқан, Пайғамбарлардың сынақтары жөнінде айтылған уағыздары тыңдаушыларын ерекше бір сезімге бөлеп, тәнті етті. Сансызбай ұстаздың сондай білімді, тәжірибиесінің мол екендігіне жамағат риза болды. Құран кәрім аяттарын дұрыс және терең түсіну керектігін, тіке емес, мағынасына қарай түсіну керектігін баса айтты. Және де Әбу Ханифа мазхабының ерекшеліктеріне, өміршеңдігіне тоқталды. Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға ерекше ықыласпен жауап берілді.
Сәтбаев қалалық Балмағамбет Балқыбайұлы
мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.10.2013
4572
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру